Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкекке келген италиялық әнші өнер көрсетуден бас тартты (видео)

Жарияланған күні:

Алессандро Сафина
Алессандро Сафина. Фото: wikipedia.org/

Әлемге танымал Италия әншісі тенор Алессандро Сафина Бішкекте өтетін кешінде өнер көрсетуден бас тартты. Ол 8 желтоқсанда өтетін кеші үшін Қырғызстанның астанасына келген, деп хабарлайды Kaktus.media сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Концерт Малдыбаев атындағы қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында симфониялық оркестрдің қолдауымен өту керек болған. Алайда сахнаға шыққан Сафина, промоутердің талаптарды орындамағанын айтқан.

"Өте өкінішті. Қазір ашуланып, күйзеліп тұрмын", - деп айтты әртіс.

Ол көрермендерін ренжітпеу үшін бір туындысын орындаған.

Ал реніш білдіре бастаған залдағы адамдарға ұйымдастырушылардың бірі шығып, билет ақысын қайтаратынын айтқан.

"Кассаға өтіңіздер. Сіздерге билет ақысын қайтарып береміз. Өкінішке орай, осылай болды", - деп айтты ұйымдастырушылардың бірі.

Басылым тыңдармандарының мәліметінше, концерт көруге келген адамдар залдың 90 пайызын құраған. Ал бірінші қатардағы бір билеттің ақысы - 13 мың сом ( 72 мың теңге - ред) болған. Сонымен қатар желі қолданушылары концерт залына көрермендердің полиция шақырғанын атап өтті.

"Ұйымдастырушылар әншінің ақысын төлемеген, талаптарды орындамаған", "Мұндай масқараны әлі көрмедік", "Ешкім себебін түсіндірмейді. Билет құны қайтарылады ма, ол да белгісіз", "Адамдардың көңіл-күйін құртты", - деп жазды көрермендер әлеуметтік желіде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000840-biskekke-kelgen-italyandyq-ansi-oner-korsetuden-bas-tartty-video/