Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Альбина Шардароваға күйеуі көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Альбина Шардарова
Альбина Шардарова. Фото: instagram.com/albina.shardarova

Отандық әнші Альбина Шардароваға күйеуі Бауыржан Сатов тосын сый жасап, көлік тарту етті. Бұл қуанышын әнші Instagram парақшасында көрсетіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алланың қалауымен өмірлік серігім Бауыржан Сатов маған тосын сый жасап, ең алғашқы көлігімді сыйға тартты. Қуаныш сыйлап, қуанта білудің өзі нағыз бақыт емес пе?! Аллам абыройдан айырмасын, берекесімен келген көлік болсын. Барша нәзік жандыларға бұйырсын.

Әр әйел, әрбір ана бар бақытқа лайықты. Алла разы болсын, жаным. Сізді сүйем", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

"Құттықтаймын", "Бізге де жұғысты болсын", "Темір тұлпарыңыз құтты болсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Альбина Шардарова күйеуімен романтикалық кездесу ұйымдастырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001095-albina-sardarovaga-kuieui-kolik-syilady-video/

pixel