Айжұлдыз Адайбекова ұлымен жүрек тебірентер видео жариялады (видео)
Жарияланған күні:
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова кішкентай ұлының туылғаннан бастап қазірге дейінгі әр сәтін видеомен көрсетіп, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Адайбекова ұлы екеуінің видеосын Instagram парақшасында жариялады.
Видео Айжұлдыз ұлын өмірге алып келген сәттен бастап, қылығы шығып, тәй-тәй басқан шағына дейінгі уақытты қамтыған.
Желі қолданушылары әншілікке қайта оралған әншіге қолдау көрсетіп, оның жігеріне таңғалғандарын жасырмады.
"Сен мықтысың", "Әжесінің сылдырмағы аман болсын", "Осы баланың қызығын көріңіз", "Өзіңіз - ана, өзіңіз - әкесіз. Өте жігерлі жансыз. Қандай керемет балақай, анасы да керемет", "Сізді қолдап жүрген анаңызға рахмет", "Алланың саған берген сыйы", "Кереметсің. Мықтысың. Алла қолдасын. Сылдырмақ елінің азаматы болсын", "Сіздерді тіл-көзден сақтасын", - деп жазды желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Айжұлдыз Адайбекованың тұрмысқа шығатыны жайлы 2018 жылы белгілі болған еді.
Ал 2020 жылы Жанар Айжанова көпшілікке күйеуін көрсетіп, тұрмысқа шыққанын мәлім еткен еді. 2021 жылы актрисаның қызы жұбайымен ажырасып кеткенін айтты.
Кейінірек Айжұлдыз өмірге ұл баланы алып келгені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001100-aizuldyz-adaibekova-ulymen-zurek-elzireter-video-zariyalady-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.