Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекова: Түсімде қағбаның алдында тұрдым (видео)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Бүгінгі таңда әншілікке бет бұрған Айжұлдыз Адайбекова жақында қасиетті Меккеге барып келді. Блогер өзінің Меккеге жасаған сапарын неліктен әлеуметтік желіге жариялағанын, өзінің орамалға қатысты көзқарасын "Talk like" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Адайбекованың айтуынша, ол ата-анасын Меккеге жіберуді біраздан бері армандаған.

Айжұлдыз мешіт салып жатқан ұстазға көмектесіп, парақшасындағы оқырмандары арқылы 7 млн теңге жинап берген.

"Ол ұстаз желіде әр адамнан 100 теңгеден жинап, мешіт салып жатыр. Мен де өз аудиториямнан сұрап, шамамен 7 млн теңгедей ақша жинап бердім. Сол сәтте адамдар Умраға сапарға жолдама сыйлап жатты бір-біріне. Сосын менің де ішімде "Анам мен тәтеме жолдама алып бергім келеді" деген ой туды. Достарыма "Маған да екі жолдама керек. Алып берші" дедім. Сөйтсем, ол жаққа жолдама алу да оңай емес екен. Анам мен тәтеме бердім. Тәтем бір жылап алды.

Бір күні өзім де түс көрдім. Түсімде қағбаның алдында тұрдым. Оянып кеткенде, жүрегім қысылып, қатты жыладым. Себепсіз, өзімді тоқтата алмай жыладым. Бір кезде өзіме, жүрегіме еркіндік бердім. Жақын арада қағбаға барам деген ниетім жоқ, қағбаны көрмеген жүрегім "Қағбаны сағындым" дейді ғой. Алла ата-анама жолдама бергеннен кейін ниет берген шығар. Осы түсті екі рет көрдім. Екінші рет жанымда бір адамды, баламды көрдім. Қағбаның жанынан өз отбасымды көрдім. Одан әрі жыладым", -деді Айжұлдыз Адайбекова.

Сонымен қатар Айжұлдыз Адайбекова бағдарлама жүргізушісінің болашақта "Болашақта орамал тағасың ба?" деген сұрағына да жауап берді.

"Шынымды айтайын, екіжүзді адам болғым келмейді. Кішкентай кезімнен дінге жақын адаммын. Бірақ ешқашан "Орамал тағамын" деген ой болған емес. Дәл қазір "Орамал тартамын" деген ой жоқ. Болашақта сіздің сұхбатыңызға орамалмен келуім мүмкін. Бұл Құдайдың шешімі. Мен қазір өзіме Құдайдың рөлін алмай-ақ қояйын.

Талай орамал тағатын таныстарым бар. Мен сіздерді құрметтеймін. Бұл жолға келу үлкен күш", - деді блогер.

Айжұлдыз Адайбекова сұхбат барысында неліктен Меккеден сурет жүктеп, әлеуметтік желіге жариялағанын да түсіндірді.

"Мен шығармашылық тұлғадан бөлек, блогер ретінде танымалмын. Менде бір миллион оқырман бар. Олардың әрқайсысы менің парақшама жайдан-жай келген жоқ. Оларға менің қылығым, еркіндігім, киімім ұнаған шығар. Мен осы адамдарға дұрыс нәрсе бағыттағым келеді. Оқырмандарыма шынайы болғым келеді. Сондықтан Меккенің суретін өзім салғым келді. "Мекке мен понт" екеуі екі дүние", - деп айтты Айжұлдыз Адайбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001107-aizuldyz-adaibekova-tusimde-qagbanyn-aldynda-turdym-video/

pixel