Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжұлдыз Адайбекова: Ажырасу - қателік емес (видео)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Айжұлдыз Адайбекова. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова әншілікке бет бұрды. Өнер әлеміне қайта қадам басқан Айжұлдыз бірер жыл бұрын тұрмысқа шығып, некесі сәтсіз аяқталған болатын. Көпшілікке блогерлік арқылы танылған актрисаның қызы "Talk Like" бағдарламасында ажырасуға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ажырасу - қателік емес. Себебі мен тағдырыммен өмір сүріп жатырмын. Менің тағдырым, туғанымнан өлеріме дейінгі бүкіл әрекетім маңдайыма жазылған. Менің ойымша, ешкім кінәлі емес. Дәл осы жағдаймен қазіргі таңда қыз балалардың 80 пайызы бетпе-бет келіп жатыр. Ешкім кінәлі емес. Бұл екі адамның тағдыры және бұл тағдырды қателік деп ойламаймын. Құдайдың өз жоспары бар. Барды - бар, жоқты - жоқ деп қабылдаймын. Барға да, жоққа да - шүкір.

Ажыраса салу - 5 минуттық нәрсе. Кейде эмоциямен де жасалынуы мүмкін. Мың рет ойланып көру керек. Бәрі жағдайға байланысты. Егер шаңырақ шайқалып, жағдай 100 пайыз болмайтын болса, екі жаққа кеткен дұрыс. Өзімнің жеке өмірімді талқылағым келмейді. Жеке өмір үлкен хайп болмай, тыныштықта болғаны дұрыс екен. Мен бір рет көрсетіп, күйдім", - деп айтты Айжұлдыз Адайбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айжұлдыз Адайбекова өзіне сезім білдіріп жүрген азаматтардың көп екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001184-aizuldyz-adaibekova-azyrasu-qatelik-emes-video/

pixel