Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық актер Ерік Хамидуллаев сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (фото)

Опубликовано:

Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен
Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен. Фото: instagram.com/khami93

Отандық актер Ерік Хамидуллаев сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Сері жігіттің таңдауы актриса Ақниет Беласароваға түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалығын Хамидуллаев Instagram желісінде оқырмандарымен бөліскен. Актер жариялаған суреттен Ақниет Беласарованың саусағына жүзік тағып алғанын байқауға болады.

"Сен және мен енді "біз" атандық", - деп жазды актер.

Ғашықтарды актердің әріптестері Тәуекел Мүсілім, Нұрболат Абдуллин, Әлішер Кәрімов, Нұрлан Батыров пен өзге де шоу-бизнес өкілдері құттықтаған.

Сонымен қатар желі қолданушылары да өз құттықтауларын жолдады.

"Құттықтаймын", "Бақытты болыңыздар", "Сіздер үшін қуаныштымын", "Жарасымды жұп", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001295-otandyq-akter-erik-xamidullaev-suiiktisine-uilenuge-usynys-zasady-foto/

pixel