Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өміріміз жанталаспен өтті": Меруерт Түсіпбаева жалғыз ұлының қасында бола алмаған сәттерді еске алды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: instagram/meruert_tusupbaeva

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жалғыз ұлының қазір Еуропада білім алып жатқанын айтты. Өнер жұлдызы ұлының қасында болмаған кездерге тоқталып, оның болашағы үшін тынбай еңбек еткенін жеткізді, деп хабарлайды "Төртеу түгел" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Менің қазір екі мотиваторым бар. Бірі - 78 жасқа келген анам. Тәрбиелеп өсірген анашым. Одан кейін - балам. Бұрын ұлым кішкентай кезде айтатын бір ғана сөзім бар еді: "Балам, мен асығыспын", "Алыңдар мына баланы", - дейтінмін. Өмірім солай өткен екен. Сол үшін кейде баламнан кешірім сұраймын.

Өміріміз шынында да жанталаспен өтті. Бірақ мен үйде отырғанда, ұлымның қазіргі материалдық жағдайы төменірек болар еді. Балам 21 жаста, Австралия мен Жапониядан басқа мемлекеттердің барлығын аралап шыққан. Төрт тіл меңгерген. Медальдің екі жағы болатынын балама үнемі айтамын.

"Иә, мен сенің жаныңда бола алмадым. Ауырғанда суыңды, дәріңді бере алмаған шығармын. Ол үшін кінәлімін. Өйткені, өнер адамының өмірі - бәйге, жанталас. Қазір барлығы ат үстінде жүреді ғой. Балам есейгенде өкпе-назын жеткізді. Қасында болмағанымды айтады. Бірақ өмірдің талабы осындай болды", - дейді әнші.

Сондай-ақ, Меруерт Түсіпбаева ұлын тек магистратура оқитын кезде ғана шетелге жібергенін мәлім етті.

"Жағдайым болса да, ұлымды жанымнан ерте жібергенім жоқ. Магистратураға түсерде ғана келісім бердім. Қазір ІТ саласы бойынша Еуропада оқып жатыр. Мектепті бітіре сала шетелге кетуіне қарсы болдым. Себебі, өзім 8-сыныптан соң қалаға келгенде қатты стресс алдым. Тіпті, үйге қайтып кеткім келген сәттер көп болды. Бірақ берілмедім", - деді Түсіпбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001301-omirimiz-zantalaspen-otti-meruert-tusipbaeva-zalgyz-ulynyn-qasynda-bola-almagan-satterdi-eske-aldy/

pixel