Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ балетінің аңызына айналған Болат Аюханов өмірден өтті

Опубликовано:

Болат Аюханов
Болат Аюханов. Фото: kazakh-tv.kz

Қазақстанның халық әртісі, балетмейстер, педагог, қазақ балетінің аңызына айналған Болат Аюханов 84 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Болат Аюханов қазақ балетінің аңызына айналған тұлға ретінде танымал. Ол 1938 жылдың 13 қыркүйегінде Семей өңірінде дүниеге келген. 1967 жылы Алматы жастар балетінің негізін қалаған. Кейін ол мемлекеттік академиялық би театры болып ауысады.

Аюханов қазақ композиторларының музыкасына 30-дан астам балет спектакльдерін қойды. Олардың арасында әлемнің Канада, Франция, Лондон, Ресей секілді елдерінің театр сахналарында спекталь қойған.

Құрманғазы атындағы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР халық әртісі, Стамбұл, Семей, Екібастұз, Алматы қалаларының құрметті азаматы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001352-qazaq-baletinin-anyzyna-ainalgan-bolat-ayuxanov-omirden-otti/

pixel