Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Beu" заманауи музыка жүлдесі: "Ирина Кайратовна" тобы мен Shiza-ның орындауындағы "Kõk tu" әні үздік деп танылды

Опубликовано:

"Ирина Қайратовна" тобы
"Ирина Қайратовна" тобы. Фото: instagram.com/qazaqstantv

Астанада "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Beu" радиосының ұйымдастыруымен өткен "Beu" заманауи музыкалық жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. Күні кеше телерадиокорпорация бастамасымен заманауи музыка өкілдеріне телевизиялық премия табысталды, деп хабарлайды "Қазақстан" арнасы.

Жеңімпаздардың тізімін "Қазақстан" арнасы ресми Instagram парақшасында мәлім етті.

Арна мәліметінше, телевизиялық премия "Үздік кавер", "Үздік саундтрек", "Үздік feat", "Үздік бейнебаян", "Үздік альбом", "YouTube-та №1", "Үздік топ", "Үздік орындаушы", "Үздік ән" аталымдары бойынша ұйымдастырылған.

Ал номинанттар арасында Мирас Жүгінісов, "Ирина Кайратовна" тобы, Sadraddin, Ninety one, Shiza, Raim, Turar Ydyrys, Молданазар, Kalifarniya, Yenlik, Qarakesek, Қанай, Aro, Аяу, Қазыбек Құрайыш, AUKA, Мархаба Сәби, Hey Monro және тағы да басқа өнер жұлдыздары болған.

"Соңғы жылдары Қазақстандағы заманауи музыка жаңа деңгейге көтеріліп, дарынды жастар кең таныла бастады. Еліміздің атын әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген мен Иманбектен бастап, Молданазар мен Мархаба жалғаған шоғыр қалыптасты. Халықаралық байқауларда ел мерейін асырған жерлестеріміздің де қатары көбейіп келеді", - деді шараға қатысқан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Сонымен, "Үздік ән" аталымы бойынша "Ирина Кайратовна" тобы & Shiza-ның орындауындағы "Kõk tu" әні үздік деп танылды. Ал "Үздік кавер" аталымына Қазыбек Құрайыш ие болды.

  • "Ирина Кайратовна" тобы & Shiza-ның орындауындағы "Kõk tu" әні "Үздік бейнебаян" аталымына қол жеткізді.
  • Мирас Жүгінісов & 2RAR-дың орындауындағы "Ойлай берем" әні "Үздік feat" болып танылды.
  • "Ирина Кайратовна" тобының "Отыздан асып барамын" фильмінің саундтрекі "Үздік OST" аталымына ие болды
  • "Үздік альбом" аталымына Raim-ның "Bestseller" альбомы лайық деп табылды.
  • "Үздік орындаушы" аталымын Yenlik пен Raim иеленді.
  • "Үздік топ" аталымына "Аlpha" тобы қол жеткізді.
  • Ал "YouTube-та №1" аталымына - Kalifarniya-ның "Қары" ие болды.

"Qazaqstan" телеарнасы ұлттық өнердің, дәстүрлі музыканың жаршыларымен қоса, заманауи әндердің орындаушыларын, жас музыканттарды қолдауға, алаң ұсынуға әрқашан дайын", - деді басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001497-beu-zamanaui-muzyka-zuldesi-irina-kairatovna-men-shiza-nyn-oryndauyndagy-kok-tu-ani-uzdik-dep-tanyldy/

pixel