Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа белестерге жол тарттым": атышулы "Ирина Қайратовна" режиссері топтан кететінін мәлімдеді

Опубликовано:

Қуаныш Бейсеков. Фото
Қуаныш Бейсеков. Фото: Instagram/kukabeisek

Қазақ жастары арасында кеңінен танымал "Ирина Қайратовна" тобының режиссері Қуаныш Бейсеков топтан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instargam желісіндені парақшада жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қуаныш Бейсеков желідегі парақшасында топтан кетіп, басқа жобаны қолға алғандығын айтқан.

"Пост сирек саламын, сол себепті осы сәтті қолданып оқырмандарымды тәуелсіздікке жеткен күнімізбен құттықтағым келіп тұр. Ұлтымызды таңдамасақ та, қазақ болып, тәуелсіздікті енді алған заманда жайдан-жай туылмағанымды күннен күнге қатты сезініп келемін.

Тағы да айтарым, "Ирина Қайратовна" мен жобасынан кеттім. Ары қарай өзімнің қорым арқылы қазақ тарихы пен этнографиясын жеңіл түрде жеткізуге бел будым. Балалармен бірге бәріміз үлкен заттарды армандап, суық Астанада жұмысымызды бастап едік. «Ирина Кайратовна» әрдайым жүрегімде ерекше орын алатын жоба. Алдияр, Азамат, Илья, Жаслан және Ұланға үлкен рақмет, сендерсіз қайда болатынымды білмейді екенмін. Беретінімді бердім деп ойлаймын, ары қарай жаңа белестерге жол тарттым", - деп жазды олар.

Желі қолданушыларының режиссердің шешімін қолдаса, енді бірі топты Қуаныш Бейсековсыз елестету мүмкін емес екендігін жазған.

"Сәттілік, жолыңыз ашық болсын", "Қайда жүрсеңіз де аман жүріңіз", "Топтың бейнебаяндары енді қандай болады екен?", "Ирина Қайратовнаға" еңбегіңіз көп сіңді, енді ары қарай да биік белестерді бағындыратыныңызға сенімдіміз" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001922-zana-belesterge-zol-tarttym-atysuly-irina-qairatovna-rezisseri-toptan-ketkenin-malimdedi/

pixel