Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаділбек Жаңайды туған күнімен құттықтаған балалары көпшілікті сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Ғаділбек Жаңай
Ғаділбек Жаңай. Фото: instagram.com/gadilbek_zhanay

Әнші Ғаділбек Жаңайды туған күнімен құттықтап, алдынан ерекше торт алып шыққан балалары көпшілікті сүйсінтті. Желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, балаларының тәрбиелілігіне қызыққандарын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода сапардан үйіне кірген әншінің алдынан кенже қызы еркелеп, әндетіп шықса, екінші қызы ерекше алғыс жазылған тортты алып шығады.

Әншінің өзі аталмыш видеоны Instagram парақшасында жариялап қойды.

Ал видеоның фонына Нұржан Шөмекейдің "Мың алғыс әке" әнін қосып қойған.

Желі қолданушылары әншінің балаларының тәрбиелілігіне таңданғандарын жасырмады.

"Мынадай сыйлықтан соң дүние тұрғанша тұруыңыз керек", "Мен көп әншілерді көрдім, сырттай. Осы Ғаділбек Жаңайды сыртынан намаз оқып жатқан жерінен, концерт залынан көріп, сондай таңқалдым. Жүзі нұрлы, иманы берік, шынайы, нағыз азамат екен. Содан бері құрметім ерекше. Атағы жер жаратын әншілермен салыстырғанда, бұл кісі бір жүзі нұрлы адам ғой".

"Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыңызға амандық, шығармашылығыңызға табыс, үлкен жетістіктер тілеймін.Әніңіз әр қазақтың төрінде, тойында шырқала берсін", "Ұл-қыздарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз. Өмір жасыңыз ұзақ болсын", "Қазақ тілінде ән айтып, құттықтап тұр. Анасына мың алғыс", "Осыдан артық қандай бақыт керек?".

"Балалар аман болсын. Бұдан артық сыйлық бар ма?", "Әнімен қарсы алған кішкентай қызыңды көтеріп, бетінен сүйгеніңде ғой. Нұр үстіне нұр болар еді. Отбасыңның бақытына аман бол", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001995-gadilbek-zanaidy-tugan-kunimen-quttyqtagan-balalary-kopsilikti-suisintti-video/