Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатов неге көп сұхбат бермейтінін айтты (видео)

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек Қабатов. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов неліктен сұхбаттарға жиі бармайтынын ашып айтты. Өнер иесі "Жақсы адамдарым" бағдарламасына қонаққа келіп, тың жаңалықтарын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әзілкештің айтуынша, оның көп сұхбат бермеуіне айтатын жаңалығының болмауы себеп екен.

"Сұхбат бере бермейтін себебім, онсызда сахнада өз өмірбаянымызды әзілмен жеткізіп жатамыз. Сұхбатқа барғанда да сол әңгімені айтамыз. Жаңалығым болса, сұхбат беруге дайынмын.

Ал жаңалық жоқ болса, бұрынғы сұхбатты қайталағаннан не пайда?", - деді Тұрсынбек Қабатов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан КВН ойындарының президенті Есен Елеукен әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қазір қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Осыдан бірнеше жыл бұрын "Жайдарман" ойындарының жүргізушісі танымал әзілкешпен жылдар бойы түсінісе алмай келе жатқанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002170-tursynbek-qabatov-nege-kop-suxbat-bermeitin-sebebin-aitty-video/

pixel