Мирас Жүгінісовтің аборт жайлы бейнебаяны көпшілік арасында қызу талқыға түсті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Мирас Жүгінісов еліміздегі өзекті тақырыптардың біріне бейнебаян шығарып, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. "Жанамын" атты хит әнін аборт тақыбындағы клипке арқау еткен әнші бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Аборт жасау - қазіргі таңда қоғамда маңызды мәлесе. Бұл бейнебаянда осы мәселені қозғадық. "Мүмкін сол бала елімізге пайдасы тиетін бала болар ма еді?!" деген оймен.. Ән де адамның ішкі жан дүниесіндегі күрес жайында. Ашулы болып, қате шешім қабылдап қоймаңыздар. Бейнебаянды көріп, әнді тыңдап, өздеріңізге керегін алсаңыздар болады", - деп жазды әнші.
Ал әншінің бұл туындысы көпшіліктің қызу талқысына түскен. Желі қолданушыларының бірі бұл әркімнің жеке шешімі екенін жазса, екіншілері әншінің пікірімен келісетінін білдірді.
"Мирастың өзін, шығармашылығын сыйлаймын. Бірақ бұл даулы тақырыпты қозғамай-ақ қою керек еді. Аборт жайлы айтатындай Мирас әйел адам емес. Екіншіден өзі әлі отбасын құрмаған, бала өсіріп көрмеген", "Бұл тақырыпты қозғағысы келіпті, онда бейнебаянды басқаша түсіру керек еді. Клипте қыз екіқабат болып қалады. Жігіті тастап кетеді, ата-анасы қарсы, ең соңына келіп "таңдау сенің қолыңда" деп бүкіл жауапкершілікті тек қыздың мойнына іледі. Бүкіл жауапкершілік, ауыртпашылық қыздың мойнында".
"Бұл қыздарға деген қысым емес пе", "Аборт жасатпаса, өмірін құртып, түрлі қиындыққа төтеп беріп, жалғыз өзі сол баланы өсіретін жалғызбасты ана емес пе? Бұл тақырыпты қозғайтын болса неліктен клипті басқаша бағытта түсіріп, жауапкершіктен жұрдай жігіттер жайлы айтпасқа?", "Аборт жасатпа" деу ол салдармен күрес, ал күресті себептен бастау керек".
"Өнер адамы болғандықтан көп қыз-келіншектер көреді, әніңізді тыңдайды. Сондай жағдайға тап болған кезде, өзін-өзі іштей жей бастайды. Өйткені, әр жерден қысым көргендей болады. Тіпті өзінің сүйікті әншісінен мұндай әнді естіп, жағдайы нашарлап кетуі мүмкін", "Аборт жайлы шешімді әйел адамдарының өзіне қалдырсаңыздар дұрыс болар еді", "Ата-аналар жасөспірім балаларына уақыт бөлсе екен деймін. Әрқашан ақылдасып, бала ашық сөйлесе алса, мұндай болмайды деп ойлаймын".
"Жарайсың, Мирас. Әркім өз ісіне жауап беруі керек. Аяғы ауырлады ма, жүктілікті соңына дейін жеткізу керек", "Бейнебаян керемет, мағыналы", "Ойыңыз дұрыс, қолдаймын", "Өзекті мәселе", "Кереметтен басқа айтарым жоқ", "Өнерің өрге жүзсін. Алла тіл көзден сақтасын", "Маған ұнады", - деп жазды әншінің тыңдармандары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002201-miras-zuginisovtin-abort-zaily-beinebayany-kopsilik-arasynda-qyzu-talqyga-tusti-video/