Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балғынбек Имашев Тұрсынбек Қабатов жайлы: ешкім танымаған қазақтың балаларын жұлдыз қылып шығарды (видео)

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов жұбайымен
Тұрсынбек Қабатов жұбайымен. Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_official

Белгілі айтыскер Балғынбек Имашев әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жайлы естеліктерімен бөлісті. Әзілкештің тәуекелшілдігіне таңғалатынын айтқан айтыскер "Жақсы адамдарым" бағдарламасында оның талай қазақ баласын танымал еткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балғынбек Имашев досы жайлы бағдарламаға арнайы Астанадан келіп, оның мықты қасиеттері жайлы бөлісті.

"Тұрсынбекті ең алғаш "Шабыт" фестивалінен таныдым. Сол фестивальдің гранприін жеңіп алды. Тұрсынбектің өнерін көрдік. Кешегі Иса Байзақовтарды "бір өзі бір театр" деп айтатын. Тұрсынбекті көргенде біздің де ойымызға осы келді. "Сегіз қырлы, бір сырлы бір, өзі театр, нағыз өнер тұнған жігіт екен" деп баға бердік. "Әзіл әлемін" жаңадан құрған кезде ақылдасып, қолымыздан келгенше әзілді сараптап, көмегімізді тигізуге тырыстық. Бұл Тұрсынбектің бағы ғой.

"Жігіттің өзімен талассаң да, бағымен таласпа" деген сөз бар қазақта. Ауылдан келді, бір күннің ішінде жұлдызы жанды. Сол жұлдызын жандырған Алла оның жолында жақсы адамдарды кездестірді, халықтың жүрегін оған бұрды. Тұрсынбек даланың қара қазағы ғой. Өзінің шынайылығымен, ақ жүрегімен күнделікті біздің тұрмысымызда болып жатқан дүниені әзілге айналдырып, көрерменге жеткізе біледі. Әр адам Тұрсынбектің әзілінен өзін және отбасын көреді де күле береді. Тұрсынбек шынайылығымен халықтың жүрегіне жол тапты.

Тұрсынбектің тағы бір қасиеті - тәуекелшілдігі. Телеарналардан қанша бағдарлама ашты. Әзілдің бірнеше жанрын алып шығып, қазақ телевидениесіне де еңбегін сіңіріп тастады. Ол өзін ғана көрсетуді мақсат еткен жоқ. Ешкім танымаған қазақтың балаларын жұлдыз қылып шығарды", - деді Балғынбек Имашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002218-balgynbek-imasev-tursynbek-qabatov-zaily-eskim-tanymagan-qazaqtyn-balalaryn-zuldyz-qylyp-sygardy-video/

pixel