Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Шәкіржанов "Қызық премияда" ерекше номинацияны жеңіп алды (видео)

Опубликовано:

Қуандық Шәкіржанов
Қуандық Шәкіржанов. Фото: instagram.com/kuandykshakirzhanov

"Қызық премияның" жаңа жылдық жобасында Қуандық Шәкіржанов "Жылдың үздік сүйісуі" номинациясын жеңіп алды. Ол бұл аталымды әлеуметтік желіге тарап кеткен Баян Алагөзовамен сүйісі үшін жеңіп алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қызық премияның" жаңа жылдық жобасында бірнеше аталым бойынша номинациялар тағайындалған. Соның бірі "Жылдың үздік сүйісуі" аталымы.

Бағдарламаның толық нұсқасы жарияланбады. Алайда Қуандық Шәкіржановқа номинация табысталған сәт әлеуметтік желіге тарап үлгерген.

Бұл номинацияға үміткерлер арасында қос әнші Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі, актерлер Қобыланды Болат пен Жанель Серғазина, Қуандық Шәкіржанов пен Баян Алагөзова және Шәріп Серік пен Зарина Хаджиметова болған.

Айта кетейік, әлеуметтік желіге тарап кеткен Қуандық Шәкіржанов пен Баян Алагөзованың эпизоды "Донор" отандық фильмінен үзінді болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002263-quandyq-sakirzanov-zyldyn-uzdik-suiisui-nominaciyasyn-zenip-aldy-video/

pixel