Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан Стамғазиев 12 жыл пәтер жалдап тұрғанын айтты (видео)

Опубликовано:

Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева
Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық танымал жұлдызды жұп Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаева 12 жыл бойы пәтер жалдап тұрғандарын ашып айтты. "1001 түн" бағдарламасына келген өнер иелері 2000 жылдары ғана үй сатып алғанын баяндады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Талай өткелден өттік. Біз 2000 жылға дейін пәтер жалдап тұрдық. 12 жылдан кейін, 2000 жылы ғана үй алдық. Ел-жұрт сыртымыздан ғана таниды. Атымыз шықпаған, ақырын көтеріліп келе жатқан кез. Ел-жұрт сыртымыздан ғана таниды. Күндіз Қазақконцертте, түсте колледжде сабақ беремін, кешке "Жерұйық" деген мейрамханада жұмыс істедім.

Сонда ағайынды ақырын аяққа тұрғызу, іні-қарындастарымды оқуға әкелу, балаларды ержеткізу деген жоспарлар болды. Осы күнге дейін анам тұрғанда, жанұяларымыз, Ұлтудың үлкен әпкелері тұрғанда туыстардың жағдайын жасаудан тартынған емеспіз", - деді Рамазан Стамғазиев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлту Қабаева жұбайы Рамазан Стамғазиевпен қалай танысқанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002361-ramazan-stamgaziev-12-zyl-pater-zaldap-turganyn-aitty-video/