Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Достығымыз махаббатқа ұласты": Ұлту Қабаева Рамазан Стамғазиевтің алғашқы махаббаты жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

Ұлту Қабаева
Ұлту Қабаева. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Отандық әнші Ұлту Қабаева жұбайы Рамазан Стамғазиевпен қалай танысқанын айтып берді. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Өз аузыңыздан естиін деп отырмын. Рамазан ағаның алғашқы махаббаты жайлы сұрайын деп отырмын. Рамазан ағаның екі жыл әскерден күткен қызы болыпты. Бірақ, сізді таңдағанына қарағанда бір көргеннен құлай сүйген сияқты", - деп сұрайды.

"Иә, біз өнер студиясына түскен кезде бәріміз жан-жақтан түскенбіз. Сол заманда колхоз жұмыстарына Панфилов ауданына жіберді. Ол кезде 1-1,5 ай сол жұмыста жүретінбіз. Сол кезде танысып, білісіп дос болдық. Алғашқы кезде сол қызы іздеп келіп, мен оны кіргізіп беріп жүретінмін.

Біз ол кезде олай болады деп ойламадық. Сөйтіп жүріп ол қызды алып қашып кетті. Біздің достығымыз махаббатқа ұласты. Содан үй болып кеттік", - деді Ұлту Қабаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1993200-dostygymyz-maxabbatqa-ulasty-ultu-qabaeva-ramazan-stamgazievtin-algasqy-maxabbaty-zaily-aitty-video/

pixel