Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз-жігіт болып жүрмедік": Айдар Тұрғанбек әйелін ұшақпен алып қашқанын ашық айтты (видео)

Жарияланған күні:

Айдар Тұрғанбек
Айдар Тұрғанбек. Фото: instagram.com/aidar_turgambek

Әнші Айдар Тұрғанбек отбасы мен жұбайы жайлы сыр шертті. Бүгінгі таңда үш қыз тәрбиелеп отырған өнер иесі жеңгелеріне ұқсайтын келіншек іздеп жүріп, оны ұшақпен алып қашқанын "1001 түн" бағдарламасында баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол келіншегінің рұқсатымен ұшақпен алып қашқан.

"Әйгерімді келісімімен ұшақпен алып қаштым. Ол ағасының үйіне барып, шығып тұрды. Жалпы өзім оңтүстіктенмін. Өзім жарды Жетісай, Сарыағаштан, Ташкент жақтан іздедім. Мен Сарыағашта жеңгелерімді көріп өскенмін. Сонда көретініміз өзбектің сериалдары. Күйеуін сыйлау, "отағасы", "қожайын" деп сыйлау дамып кеткен. Мен жеңгелерімді көріп өстім. Олар күйеуінің есімін ешқашан атаған емес. Жұбайым да осы талғамға сай. Мені құрметтейтін, "осындай жар алғым келеді" деп ниеттендім. Біз қыз-жігіт болып жүрмедік, үш рет сөйлесіп үйлендік.

Үйленгеннен кейін қылықтары шыға бастады. Біз бір-бірімізді таныған сайын керемет махаббат ояна бастады. Әйгерімдей қыз тәрбиелеген ата-анасына алғысымды айтқым келеді", - деді әнші.

Сонымен қатар Айдар Тұрғанбек жас келін жаңа ортаға тез сіңіп, жұбайлар тезірек үй болып кетуі үшін әр өңір өз қызына үйлену керектігін айтты.

"Менің өз ұстанымым бар Әр жер өзінің жағын (қызын - ред.) алғаны дұрыс. Өйткені, дәстүр, әңгіме, әзіл сіңіп қалады ғой. Ертерек үй болып, тез сіңіп кетеді. Қазір жас емеспіз ғой, көп нәрсені көрдік. Егер екі өңірден болса, бірден үй болып кету, үйреніп кету қиын болады. 5-6 жыл керек болады, оған дейін олар сынаққа шыдай алады ма, шыдай алмайды ма?

Қырыққа келгенде ақыл піседі. Қырық жас ақыл тоқтататын уақыт. Қызға қарағанда да, "Бұл қандай ана болады?" деп ойлайсың. Мен үйде көп болмаймын, қыздарыма бүкіл тәрбиені әйелім береді. Мен қыздарымды тек еркелетемін", - деп жазды Айдар Тұрғанбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002381-aidar-turganbek-kuieuinin-esimin-omir-boiy-atamagan-zengelerine-uqsas-kelinsek-izdegenin-asyp-aitty-video/