Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойымның бәрін жаулап алды": Мақпал Исабекова күйеуі туралы сыр шертті (видео)

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/makosyai

Отандық әнші Мақпал Исабекова биыл ана атанған болатын. Өнер иесі "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында жұбайымен таныстығы және тұрмысқа шығуы жайлы баяндап бері, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"2020 жылы мен 36 жасқа толдым. Қазақтар "36 жас мүшелге кірдің, сақтанып жүр" дейді ғой. Мен керісінше, өмірімде ерекше нәрсе болатынына сендім. Осыған сендім.

Осы жылдың соңында карантин азая бастады. Мен Шымкентке жаңа жылдық түсірілімге бардым. 25 қараша күні Шымкентте жұбайыммен таныстым. Бірақ ол кісінің есімін айтпаймын, суретін көрсетпеймін", - деп айтты әнші жұбайы жайлы.

Сонымен қатар әнші жұбайымен алғаш таныстығы жайлы да жасырмай баяндап берді.

"Ол кісі өзі менімен танысуға әрекет жасады. Бар амалын жасады. 26 қараша күні әуежайға шығарып салды. 28 қараша күні ол Алматыға келіп, екеуіміз мейрамханаға бардық.

Сосын "Енді Алматыға жиі келіп тұрам" деді. Мен себебін сұрағанымда, "Алматыда сіз барсыз" деді. Оны бірден ұнаттым. Біздің көзқарасымыз түйісіп қалды, содан бастап ойымның бәрін жаулап алды. 11 желтоқсан күні "Қаңтарда ата-анамызбен танысуға барамыз" деді. Мен үшін бәрі осылай болу керектей көрінді.

Ал 14 ақпан күні ол маған үйленуге ұсыныс жасады. 7 мамыр күні некемізді қидырып, шілде айында заңды некеге тұрдық. Тойымыз болмады. Ол уақытта үлкен той жасауға тыйым салынды. Ал менің таныстарым өте көп, кішкентай той жасай алмаймын. Алла қаласа, тойды міндетті түрде жасаймыз", - деді Мақпал Исабекова.

Сонымен қатар әнші күйеуінің көпшілікке көрінгісі келмейтін себебін де түсіндірді.

"Ол кісі "Бір үйге бір танымал адам жеткілікті. Мен жұмысыма тыныш барып, тыныш келгім келеді. Мені көргенде саусағын шошайтып, Мақпал Исабекованың күйеуі немесе сені көрсетіп, пәленшенің әйелі" дегенін қаламаймын деді", - деп ағынан жарылды Мақпал Исабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002536-maqpal-isabekova-zubaiy-zaily-kozqarasymyz-tuiisip-qaldy-sodan-bastap-oiymnyn-barin-zaulap-aldy-video/

pixel