Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала көтере алмайсың": дәрігер қойған диагнозды айтқан Мақпал Исабекова бағдарламада көз жасына ерік берді

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасы

Биылғы жылы ана атанған отандық әнші Мақпал Исабекова жүктілігі мен дәрігердің қойған диагнозы жайлы айтып берді. Өнер иесі "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасында көз жасына ерік берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, аяғы ауырлағанша "қашан" деген сұрақ жанына маза бермеген.

"Жәния Джуринскаяның өткен сұхбатта айтқандарына толықтай келісемін. Жәнияның жасы - 31-де болса, ол уақытта мен 37-де болдым. Жұбайым да, мен де баланы қалайтынымызды түсіндік. Біз отырып сөйлескенде жұбайым "Баланы қаласақ, жауапкершілікпен қарайық. Толықтай тексерілуден өтейік. Егер сырқатымыз болса, емделейік. Қажетті витаминдерді ішейік" деп айтты.

Сонымен екеуіміз де тексерілуге бардық. Гинеколог маманы маған бірқатар талдамаға жолдама берді. Ал талдаманың жауабы шыққанда, "Мына нәтижелермен сен бала көтере алмайсың" деп айтты. Мен жыладым", - деді ағынан жарылған әнші.

Бағдарлама барысында дәрігер қойған диагнозды айтқан әнші көз жасына ерік берді.

"Дәрігер "Бәрін ретке келтіруге болады. Тек мына гормондық өзгерістермен жұмыс жасау керек. Мына жоғары пролактинмен бала көтеру мүмкін емес. Бұл гормон бала емізсе, жүкті болса, гипофиз микроаденомалары болса жоғарылайды.

Дәрігердің айтуымен, мен МРТ аппаратына түсуім керек болды. Алайда мен қатты қорықтым. Бұл аппаратқа төрт рет барып, тек төртінші ретте түсе алдым. Дәрігер айтқан диагноз расталды. Аденома дегеннің ісік екенін білдім. Қатерлі емес, бірақ ісік, ол өсуі мүмкін. Гипофиз микроаденомалары қазір жиі кездеседі екен. Оны тек отамен алуға болады, өздігінен жойылмайды. Оны жыл сайын тексеріп, бақылап отыру керек.

Мен бір жылдан сәл аз емделдім. Ал қазан айында мен аяғым ауыр екенін білдім. Дәрігердің бар айтқанын жасадым", - деп айтты Мақпал Исабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002548-bala-kotere-almaisyn-dariger-qoigan-diagnozdy-aitqan-maqpal-isabekova-bagdarlamada-koz-zasyna-erik-berdi/

pixel