Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құралай Анарбекова: өмірдің соңына дейін бірге тұратын адамды іздеп, таптым (видео)

Опубликовано:

Құралай Анарбекова
Құралай Анарбекова. Фото: "TALK LIKE" бағдарламасы

Қазақстандық режиссер, актриса Құралай Анарбекова қашан тұрмысқа шығатынын айтты. "TALK LIKE" бағдарламасына қонаққа келген өнер иесі өмірінің келесі кезеңі отбасы құрып, балалы болу керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің ең басты мақсатым - ана болу, жар болу. Өмірімнің келесі кезеңі мен үшін - жанұям. Мен мамандықты не үшін таңдадым? Маған еркіндік береді және болашақта отбасылы болғанда өз жұмысымды жасай аламын", - деді Құралай Анарбекова.

Сонымен қатар актриса 23 жасында ата-анасының шақырып алып, отбасы құруға кеңес бергенін айтты.

"23 жасымда анам мен әкем "Енді Англиядан келдің. Тұрмысқа шық, отырып қалма" деген сияқты әңгіме айтты. Сол кезде мен "Дайын емеспін" деген ой болды. Кім біледі? Ертең махаббатпен тұрмысқа шықсаң да, ана боласың, балалы боласың. Өміріңді бір ер адамның қолына беріп қоя алмайсың. Ең бірінші сен өзіңе сенімді болуың керек.

Болашақта көп баланың анасы болғым келеді. Балаларым лайықты білім, тәрбие алуы үшін анасы бақытты болу керек. Анасы тәрбие бере алуы керек. Ал ол уақытта мен өзімді олай сезінбедім. Маған тәжірибе керек болды. Ол кезде де тұрмысқа шығып отыруыма болатын еді. Бірақ мен "Ол кісі өмір бойы жанымда болмай қалса ше? Оның өмір бойы жанымда отыратынына кім кепіл?" деп ойладым. Бір жігіттің мойнына асылып отырмайсың ғой. Егер бірнәрсе болып қалса, балаларымды кім тәрбиелейді? Мен жұмыс жасап кетемін ғой.

"Мен оқуымды жалғастырайын. Іштей дайын болғанда ғана тұрмысқа шығамын" дедім. Шүкір, қазіргі сәтте дайынмын және өзіме сенімдімін. Сондықтан "болашақта тұрмысқа шығамын" деген ойым бар", - деді Құралай Анарбекова.

Режиссер өзін "отырып қалдым" деп ойламайтынын да айтты. Анарбекованың айтуынша, ол отбасылық үлгіні анасы мен әкесінен алады.

"Мен бақытты жанұядан шыққан адаммын. Әкем мен анам бір-бірін сүйіп қосылған, әлі күнге дейін сүйеді. Менде де "бақытты жанұя құру" деген мақсат бар. Саналы, ақыл тоқтатқан, маған сенетін адамға тұрмысқа шығып, көпбалалы ана атанып, өмірдің соңына дейін бірге тұратын адамды іздедім. Таптым", - деді Құралай Анарбекова.

Бағдарлама жүргізушісі актрисадан тойдың қашан болатынын және "жақын уақытта ма" деп сұрады. Ал Құралай Анарбекова тойдың жақында болатынын растады және ата-аналарының әлі таныспағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002564-quralai-anarbekova-omirdin-sonyna-deiin-birge-turatyn-adamdy-izdep-taptym-video/

pixel