Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин сыйға алған бренд аяқ киімін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллинге менеджері Gucci брендінің аяқ киімін тарту етті. Өнер иесі көмекшісінен алған сыйын Instagram желісінде көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің Жасұлан Шәденов есімді менеджері әншіге тарту еткен сыйын Instagram желісінде жариялаған.

"Нұрекеге жаңа жылдық тартуым. Биыл өте жақсы жұмыс жасадық. Келесі жылы да жұмысымыз табысты, берекелі болсын, басеке", - деп жазды әншінің менеджері.

Видеодан аяқ киімнің Gucci брендіне тиесілі екенін байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрболат Абдуллин 1,5 млн теңгеге сатып алған костюмін көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003376-nurbolat-abdullin-syiga-algan-brend-ayaq-kiimin-korsetti-video/

pixel