Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәріміз шок алдық": белгілі актер Дариға Бадықованың Үндістандағы қызықты оқиғаларын айтып берді

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Белгілі актер әрі ақын Рамазан Амантай "Келінжан" сериалының жұлдызы Дариға Бадықованың Үндістанға сапары туралы айтып, алғашқы кезде қатты қиналғандарын жеткізді. Бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Рамазанның айтуынша, түсірілім тобы Үндістан туралы мүлде басқаша ойда болған.

"Үндістан маған Африкадан да қорқынышты болды. Миллиардтаған адам тірлік үшін күресуде. Ал олардың ортасында біз кино түсіріп жүрміз. Күн ыстық. Лас... Жамандамай-ақ қойғаным дұрыс шығар. Бәріміз шок алдық. Ал Дариға тәте (Бадықова - ред.) алғашында көліктің терезесін ашпай, орамалына әтір сеуіп алып жүрді. Сол орамалды мұрнынан алмайтын. Тіпті, тамақ та ішпейтін Түсірілім 20 күнге ұласты. Кейін ол тамақ ішетін болды. Үндістан дегенде бәріміздің ойымызға Болливуд оралады ғой. Ол жақта мүлде басқа көрініс", - деді Рамазан Амантай.

Дариға Бадықова болса: "Жиіркенішті", - деп қосты.

Еске сала кетейік, елімізге белгілі актер мен актриса отандық кинотуындыға түсу үшін Үндістанға барып қайтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003510-barimiz-sok-aldyq-belgili-akter-dariga-badyqovanyn-undistanga-qalai-uireniskenin-aitty/

pixel