Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота-Нұр: Жақында жаныма адам жуытпайын деп тұрсыздар (фото)

Опубликовано:

Ақбота Сейтмағамбет
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Отандық актриса Ақбота Сейтмағамбет өзін Жігер Ауыпбаевпен не байланыстыратынын түсіндірді. Өнер иесі Instagram желісінде оқырманы жолдаған сауалға жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының бірі актрисаның Instagram парақшасына сауал жолдап, Ақбота Сейтмағамбет пен Жігер Ауыпбаевты не байланыстыратынын білгісі келген.

Ақбота Сейтмағамбеттің оқырманы "Жігер мырзамен араларыңызда махаббат бар ма?", - деп әншіге сауал қойды.

Ал Ақбота Сейтмағамбет оқырманының сауалына жауап беріп, өзін әншімен не байланыстыратынын түсіндірді.

"Жақында жаныма адам жуытпайын деп тұрсыздар-ау шамасы. Сәл жуып кетсе, сап ете түсетін сұрақ бастарыңызға қайдан келеді?

Адам өмірінде ер мен әйелдің байланысынан басқа маңызды дүниелер жоқ па? Қалыпты азаматтық қарым-қатынас, достық, сыйластық деген нәрселерге ниет қойған жөн", - деп жазды өнер иесі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақбота Сейтмағамбет пен Жігер Ауыпбаев отандық телехикаяға түскен болатын.

Ақбота Сейтмағамбет
Ақбота Сейтмағамбет. Скриншот: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004019-aqbota-nur-zaqynda-zanyma-adam-zuytpaiyn-dep-tursyzdar-foto/

pixel