Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің отбасымызда үлкен қуаныш болсыншы": Мадина Сәдуақасова Тамара Асардың ырымдап сыйлаған білезігін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова жаңа жыл қарсаңында әріптесі Тамара Асардың тарту еткен сыйлығын көрсетті. Тамара Асардың тартуын Instagram желісінде көрсеткен әнші 2023 жылы сәбилі болуға ниетті екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа жылға Тамара Асардан шынайы тілекпен келген әдемі сыйлық. 2022 жылы "Мен қызды болсам, 2023 жылы эстафетаны өзіңе бердім. Мадина, қызды болсаң білезіктегі екінші мүсінді өзім қосып берем" деді.

Жүрегіңнен айналдым. Бұл кішкентай сыйлықтың артында үлкен ниет , көңіл тұрғанын біліп тұрмын ғой. 2023 жылы біздің отбасымызда тағы бір үлкен қуаныш болсыншы", - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Желі қолданушылары да әншінің тағы сәбилі болуына тілектестік білдірді.

"Тамараның ниеті қабыл болсын", "Осы жылы бастарыңа бас қосылсын", "Қызды болыңыз", "Биылғы жылы сәби нәсіп етсін", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004056-bizdin-otbasymyzda-ulken-quanys-bolsynsy-madina-saduaqasova-tamara-asardyn-yrymdap-syilagan-bilezigin-korsetti-video/

pixel