jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Тамара Асар: Қазақ деген ғұлама халық тойды бекерден-бекер жасамаған (видео)

    Тамара Асар
    Тамара Асар. Фото: Instagram/tamara_assar_official

    Отандық әнші Тамара Асар "Түнгі студия" бағдарламасына келіп, өзінің өткен жылы жеткен жетістіктерін бөлісті. Қызы Ажардың бір жасқа толуын атап өткен әнші қазақ тойының ерекшелігі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "2022 жылы өте жақсы жаңалықтар болды. Ең бастысы, аманбыз. Жаңа жобаларға қосылып жатырмыз. Ажартайым 1 жасқа толды. Отбасылық үлкен тойымызды жасадық.

    Қазақ енді "Мал - баланың шашуы" деп тойға ынталандырған ғой. Той деген - терапия. Адам бір-бірін емдейді. Көптен көрмеген адамдарды көріп қуанасың. Одан қалса, той деген - есеп. Қай деңгейде келе жатырмын? Мен кіммін? Кімім бар? Кім сыйлайды? Кім іздейді? Кім қуанады, кім қуанбайды? Соның бәріне есеп беретін күн - той.

    Сондықтан қазақ деген үлкен ғұлама халық тойды бекерден-бекер жасамаған. Той жасап, қарын тойып, көңіл көтерілгенде, адамдар құшақтасқанда гормон бөлініп, бір жақсы күйге бөленеді", - деді әнші Тамара Асар.

    Естеріңізге сала кетейік, әнші Тамара Асар 2021 жылы екінші рет ана атанған болатын.

    Тамара Асар: Қазақ деген ғұлама халық тойды бекерден-бекер жасамаған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.