Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көккөзім": Фариза Ескермес сүйіктісін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Фариза Ескермес
Фариза Ескермес. Фото: instagram.com/fariza_yeskermes

Көпшілікке "Джейран" тобы арқылы танылған әнші Фариза Ескермес көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Ғашығын Instagram желісінде көрсеткен ару жұрттың қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"2022 жыл керемет болды, алғысым шексіз. Ал 2023 жылды сенімен қарсы алатыныма қуаныштымын, көккөзім. Алла қаласа сенімен мәңгі біргемін", - деп жазды Фариза Ескермес.

Елімізге танымал өнер иелері Гүлназ Жоланова, Алтынай Жолдыбаева, Балжан Бидаш әншінің видеосына пікір қалдырып, бақыт тілеген.

Ал желі қолданушылары Фариза Ескерместің шетелдік жігітін қызу талқыға салды.

"Жігітіңіз бе?", "Айтарға сөзім жоқ", "Қазақтан жігіт табылмады ма?", "Сіздің ақылыңызға, сұлулығыңызға тамсанатын едім. Өкінішті", "Жігітіңізді көрсетпей жүре беруіңіз керек еді", "Ұлты маңызды емес. Бақытты болсаңыз болды", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004083-kokkozim-fariza-eskermes-seteldik-zigitin-korsetti-video/

pixel