Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ажар сахнаға шығып кетіпті": Тамара Асар сахнада болған қызықты оқиғасын бөлісті (видео)

Опубликовано:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Отандық әнші Тамара Асар 2021 жылы екінші рет ана атанды. Бүгінде қызы Ажар бір жастан асқан әнші "Түнгі студия" бағдарламасында сахнада болған қызық оқиғасын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен сахнада ән айтып тұрсам, көрермендер ду күлді. Ойлы ән айтып тұрмын. "Неге күлді?" деп артыма қарасам, ешкім жоқ. Сөйтсем, Ажар жүгіріп өткен ғой. Мен көрмей қалғанмын. Халық көріп үлгерген. Менің "Тәй-тәй" әніме билейтін қыздардың ойыншығын алып, өзі сахнаға шығып кетейін деп жүр", - деді Тамара Асар.

Сонымен қатар әнші қызы туылғалы балаларға қатысты екі ән жазғанын айтты.

"Мен ешқашан кішкентай балалармен ән айтып, балалармен сахнаға шығып, бейнебаян түсіремін деп ойламағанмын. Ажар дүниеге келгелі балаларға арналған әуендер көп келеді. Себебі тербетіп отырасың, түнде оянасың, көңілін көтересің. Балаға ең пайдалысы - ананың әлдиі екен. Баласы жақсы сөйлеуі үшін анасы ән айтуы керек екен.

Көбіне ән айтып отырамын. Сол кезде әуендер туады. Сағат нешеде болса да, әуенді музыкалық жетекшіме жіберіп қоямын. Сол әуен екі рет ән болып шықты. Біреуі қызым туылған кезде, екіншісі - "Тәй-тәй" деген ән", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Тамара Асар 2021 жылы ана атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004107-tamara-asar-bir-zasar-qyzymen-saxnada-bolgan-qyzyqty-oqigasymen-bolisti-video/

pixel