Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

45 жасында ана атанған Тамара Асар жүктілігі жайлы айтуға ұялған (видео)

Жарияланған күні:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/tamara_assar_official

45 жасында ана атанған Тамара Асар алғашында жүктілігі жайлы хабарды көпшіліктен жасырғанын айтты. Әнші аяғының ауыр екенін білгенде қорыққаннан және қуанышын жариялауға ұялғанын "Түнгі студия" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алла беріп тұрса, өзің дайын болсаң, ең бастысы шынайы махаббат болса, бала өмірге бақытты болып келеді. Екі адам бас қосқанда, оның нәтижесінде дәнекер бала болғанын қалайды ғой. Ол енді өмірдің мәні.

45 жасқа толғанда қызымның өмірге келетінін білгенде қорықтық. Одан жасырдық. "Көз тимесін" деп ешкімге айтпай жүрдік. Қорыққаннан бұрын ұялады екенсің. Қатты ұялады екенсің.

Жасымнан бір ойлы әндер, әңгімелер айттым ба, мені көрермендерім әже қылып тастаған ғой. Менен ондай жаңалық күтпеген. Қалжың болса да айтайын, пікірге "Әже мен ата өздеріне шәй құятын қыз туып алған ғой" деп жазды", - деді Тамара Асар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тамара Асар қызының бір жасқа толуына орай той жасағанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004109-45-zasynda-ana-atangan-tamara-asar-zuktiligi-zaily-aituga-uyalgan-video/