Дастан Оразбеков: Отбасым - менің басты құндылығым (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Дастан Оразбеков отбасының ең басты құндылығы екенін айтты. Instagram желісіне видео жариялаған әнші отбасы мүшелеріне махаббатын қалай көрсететінін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Отбасым - менің басты құндылығым. Мен үшін отбасымды жақсы көру және қамқорлық таныту өте маңызды. Ер азаматтың маңдайына жазылған бір нәрсе бар. Жарың болса, сен оны қорғап, киіндіріп, тамақтандырып, бірге серуендеп, жылы сөз айту керексің.
Балаға да тура солай. Баланы киіндіріп, қамқор болу керексің. Ең маңыздысы - тәрбие. Біз ненің жаман екенін ес кіргеннен білеміз ғой. Сол "жаман нәрсеге ілініп кетпесін" деген дүниені балаға үйретеміз. Бұл - жанұялық тәлім-тәрбие, қамқорлық.
Ал ең маңызды қамқорлық - махаббат. Махаббатыңды жанұяңа бермесең, ол суып кетеді. Отбасында махаббат, жылулық міндетті түрде болуы керек. Мен үйге келген сайын балам жүгіріп, мойныма асылады. Мен баламды иіскеймін. Келіншегім екеуміз бет сүйіп амандасамыз", - деді Дастан Оразбеков.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004184-dastan-orazbekov-otbasym-menin-basty-qundylygym-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.