Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық актриса Индира Еділбаева сүйіктісін көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Индира Еділбаева
Индира Еділбаева. Фото: instagram.com/indi_edilbayeva

Отандық актриса Индира Еділбаева көпшілікке сүйіктісін көрсетті. Актриса Instagram желісінде ғашығымен түскен суретін жариялап, махаббатын жолықтырғанын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл жылы өз махаббатымды жолықтырдым. Сіздерге де келесі жылы осыны тілеймін", - деп жазды өткен жылды қорытындылаған Индира Еділбаева.

Желі қолданушылары актриса мен сүйіктісіне бақыт тілеп, жарыса пікір қалдырды.

"Бақытты болыңыздар", "Сіз үшін қуаныштымын", "Тағы да әзілдеп отырған шығарсыз", "Үлкен махаббат тілеймін", - деп жазды желідегілер.

Актрисаның қуанышына ортақтасқандар қатарында отандық өнер иелері Мадина Сәдуақасова, Гүлназ Жоланова, Назима, Жанель Мақажанова бар. Олар Индира Еділбаеваға бақыт тілеп, жазба астына қолдау білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004185-otandyq-aktrisa-indira-edilbaeva-suiiktisin-korsetti-foto/