"50 мың доллар": Диана Қырықбай өзінің қалыңмал көлемін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Отандық тележүргізуші Диана Қырықбай әлеуметтік желіде оқырмандарының сауалына жауап берді. Көпшілік басы бос арудың жеке өміріне қызығушылық білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Instagram қолданушыларының бірі Диананың не үшін тұрмысқа шықпай жүргенін жорамалдаған.
"Тұрмысқа неге шықпай жүрсіз? Таңқаламын. Сіз бірақ бай жігіт іздеп жүрсіз, дұрыс айттым ба?", - деп хат жолдаған ол.
Ал тележүргізуші сұрақ қойған адамға жауап беріп, оның таяз ойлайтынын жеткізді.
"Таяз ойлайсың, бала. Біздің жігіттердің пікірінше, тұрмысқа шығу - өмірдің мәні. Егер бас мәселе байлықта болса, тұрмысқа әлдеқашан шығып кетер едім. Өкінішке орай, байлықтан да маңызды дүниелер бар", - деді Диана Қырықбай.
Сонымен қатар тележүргізушінің оқырмандарының бірі оның қалыңмалының қанша болатынын сұрады.
"Білмеймін. Мүмкін 50 мың доллар", - деп жауап берді Диана Қырықбай.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004339-50-myn-dollar-diana-qyryqbai-qalynmalyn-aitty-foto/