Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде Досымжан Таңатаровтың "екінші әйелі" жайлы ақпарат тарады (видео)

Опубликовано:

Досымжан Таңатаров
Досымжан Таңатаров. Фото: instagram.com/dossymzhan_tanatarov

Әлеуметтік желіде әнші Досымжан Таңатаровтың "екінші отбасы" деген ақпарат тарап кетті. Желі қолданушылары сүйікті әншісі жайлы хабарды қызу талқыға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Tiktok желісіне Шахаризат Сейдахмет есімді азамат жариялаған.

Видеодан әншінің жанында тұрған әйел мен кішкене баланы байқауға болады.

Ал видеода "Досымжанның екінші отбасы қазақи емес екен. Жеңгем жаман емес, жақсы", - дейді түсірген азамат.

Сонымен қатар Шахаризат Сейдахмет әншінің өзі екінші отбасын жариялауға рұқсат бергенін жазған.

"Досымжан ағам екінші отбасын жариялауға рұқсат берді", - деп жазды видеоға.

Ал желі қолданушылары Досымжан Таңатаровты қызу талқыға салды.

"Сенген серкем сен болсаң", "Досымжан үлгі тұтатын мәдениетті, сабырлы бала дейтін едік", "Досымжаннан мұндай шығады деп ойламадым", "Үндемегеннен үйдей бәле шығады деген осы", "Есіргеннен әйел алған дұрыс деп ойламаймын", "Екінші әйел алғаны ұят секілді", - деп жазды желідегілер.

Біраз уақыттан соң видеоны Tiktok желісіне жариялаған Шахаризат Сейдахмет есімді азамат бұл ақпараттың жалған екенін, пранк жасағанын жеткізді.

"Сіздерге пранк жасадық. Досымжан аға тоқал алған жоқ", - деді Шахаризат Сейдахмет.

Айта кетейік, видео Tiktok желісінде он мыңнан астам қаралым жинап, мыңнан аса пікір жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004394-aleumettik-zelide-dosymzan-tanatarovtyn-ekinsi-aieli-zaily-aqparat-tarady-video/

pixel