jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Димаш Құдайберген бауырларымен бірге бейнебаян ұсынбақ (видео)

    Димаш Құдайберген бауырларымен
    Димаш Құдайберген бауырларымен. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген іні-қарындасымен бірге "Together" әніне бейнебаян түсіруде. Бейнебаян үшін Димаштың інісі Мансұр Құдайбергеннің авторлық әні таңдалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Димаш, Мансұр мен Раушан Instagram желісінде видео жариялады. Олар видеода қазақша, ағылшынша және орыс тілінде өз шығармашылық жұмысы жайлы көпшілікке түсіндіріп өткен.

    "Қымбатты, достар сіздермен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Бүгін біз - мен, Раушан және Мансұр жаңа бейнебаян түсіреміз. Бейнебаян Мансұрдың алғашқы композиторлық туындысына түсіріледі. Ән "Together", яғни "бірге" деген мағынаны білдіреді. Сіздерге барлық жақсылықтарды тілеймін. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз", - деді Димаш.

    Ал желі қолданушылары Димашқа сәттілік тіледі.

    "Қандай керемет жаңалық", "Бейнебаянды асыға күтеміз", "Қандай әдемі, таланттысыңдар", - деп жазды әншінің тыңдармандары.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.