Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызын туған күнімен құттықтаған Абай Бегей көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей
Абай Бегей. Фото: instagram.com/abai_begei

Отандық әнші Абай Бегей отбасымен, жақындарымен бірге қызы Сымбатты туған күнімен құттықтады. Әншінің қызының туған күнін ерекше құттықтаған сәті көпшіліктің көңілінен шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода әнші қызына пранк жасайтынын айтады.

"Қазір Сымбатқа пранк жасаймыз. "Апаң Қапшағайда қалып кетті" дедім. Ешқандай сыйлық жоқ сияқты болып тұр", - деді әнші Instagram желісіне жариялаған видеода.

Кейін Абай Бегей үйіне кіріп, қызынан жейде сұрайды.

Ал қызы Сымбат жейдені әкесіне алып шыққанда, оны тосын сый күтіп тұрды.

Видеода әншінің қазіргі жұбайы мен жақындар Абай Бегейдің қызы Сымбатты гүлмен, шармен, тортпен құттықтап, әркім өз сыйлығын ұсынды.

"Абай аға, сізді қатты сыйлаймын. Қыздарыңыздың бағына аман жүріңіз", "Қызғалдағыңа кереметтей көңіл күй сыйладың", "Міне, нағыз әке осындай болу керек".

"Абай балам, әкенің бәрі сендей болсын. Көріп, риза болып отырам. Отбасының осылай ұйып отыруы еркекке байланысты. Тіл-көзден аман болыңдар", "Әйел, баласын тастап кетіп жүрген әкелер сенен үлгі алсын", "Сіздей әкесі бар қыздарыңыз бақытты", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004588-qyzyn-tugan-kunimen-quttyqtagan-abai-begei-kopsilikti-suisintti-video/

pixel