Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі айтыскер Сырым Әуезхан: Қарапайым ауылда, жер үйде тұрамын (видео)

Опубликовано:

Сырым Әуезхан
Сырым Әуезхан. Фото: instagram.com/syrym_auyezkhan

Айтыскер, ақын Сырым Әуезхан "Менің өмірім" бағдарламасында отбасы мен жеке өмірі жайлы баяндады. Ақын Алматы облысында қарапайым ауылда, жер үйде тұратынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі ақыннан "Қазіргі таңда анаңызбен бірге тұрасыз ғой, иә?", - деп сұрады.

"Мен анамның қолындамын. Алматы облысы, Жандосов ауылында тұрамыз. Қарапайым ауылда, жер үйде тұрамын", - деді айтыскер.

Сонымен қатар Сырым Әуезхан жұбайымен қалай танысқаны туралы да баяндап берді.

"Жұбайым Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының қызы. Телеарнада жұмыс істеп жүрген кезде жұмыс барысымен Жаңаарқа ауданына түсіріліміне баратын болдым. Сол сапар барысында бір кісі бізді күтіп алып, қызмет қылды. Сол кісі маған қатты ұнады. Сол үйде жүрген қыз да ұнады. Алланың қалауымен, кейін менің жұбайым болып шықты ғой.

Жұбайым туралы ақпаратты алдымен сұрастырып білдім. Бірінші кезекте зерттедім. Сосын көңіліме ұнағаннан кейін елге барып, анаммен және үлкен ағаларымызбен ақылдаса отырып, қазақтың салтымен барып таныстым. Әкесінің де, қызының да келісімін алып, отау құрдық. Үш ұлым бар", - деді Сырым Әуезхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004619-belgili-aitysker-syrym-auezxan-qarapaiym-auylda-zer-uide-turamyn-video/

pixel