Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің қарындасына жұбайы көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Фариза Төреәлі
Фариза Төреәлі. Фото: instagram.com/farizatoreali

Әнші Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасына күйеуі көлік сыйлады. Фариза Төреәлі жұбайы жасаған тосынсыйды Instagram парақшасында көпшілікпен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біраздан бері қалап жүрген көлікке Алла қалауымен ие болып жатырмын. Қуанышыммен бөліскім келеді. Жұбайым маған "көлік айдауды үйреніп алсаң дұрыс болады. Өзіңе де жақсы ғой" деп жиі айтып жүр еді. Сөйтсем, жарты жыл бұрын маған ұнайтын көлікке тапсырыс беріп қойыпты. Шынын айтсам, осы уақытқа дейін темір тұлпарға еш қызығушылығым болмапты. Жолда осы көлік маркасын көрсем, тамсанып қалатынмын.

Майамиден досымыз келіп, қыдыруға шыққан болатынбыз. Досымыз "көлік көріп шығайықшы" деп, Мерседес центрге кірген кезде сүйіктімнен осындай тосынсый алдым. Әлі сене алар емеспін", - деп жазды Төреғалидің қарындасы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Төреғали Төреәлінің кіші қарындасының тұрмысқа шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004721-toregali-torealinin-qaryndasyna-kuieui-kolik-syilady-video/

pixel