Жас әнші Ержан Максим әлемдік байқаудан гран-при жеңіп алды
Жарияланған күні:
"Голос. Дети" байқауында көзге түскен қазақстандық жас әнші Ержан Максим тағы бір байқаудың гран-приін ұтып алды. Ол кезекті жеңісі туралы Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ең әуелі Аллаға шүкіршілік айтамын және бар дұға-тілектерін жаудырып жатқан еліме ерекше алғысымды білдіремін. Мен WAF AWARDS премиясына және WAF CONTEST байқауына қатысып, гран-приді жеңіп алдым.
Осы WAF AWARDS жүлдесіне әлемнің түкпір түкпірінен 12 бала таңдалыпты. Соның ішінде мен де шақырту алдым. Жарысқа 16 елден 32 бала келіпті. Алғашында "байқауға қатысамын" деп ойлаған жоқпын. Осы жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын және көк туымыз көкте, әлемде желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш боп, жеңістерге, биіктерге көтеріле берейік", - деп жазды Ержан Максим.
Сонымен қатар аталмыш байқауда отандасымыз Алтынай Төлеген де екі жүлделі орынды иеленді.
"Екі жүлде алдым. Біріншісі - WAF AWARDS премиясының иегері және екіншісі - WAF Contest байқауының екінші орын жүлдесі. Құттықтап қойсаңыздар болады", - деп жазды Алтынай Төлеген Instagram парақшасында.
Ал желі қолданушылары жас өнерпаздарды жеңісімен құттықтады.
"Құттықтаймын", "Жарайсың", "Қазақ елінің мақтанышы", "Көк туымызды желбірете бер", "Тіл-көзден аман бол", "Нағыз дарынсың", "Құттықтаймыз", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004765-erzan-maksim-waf-contest-konkursynan-gran-pri-zenip-aldy/