Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыскер Сара Тоқтамысова үшінші сәбиін өмірге әкелді (фото)

Жарияланған күні:

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Фото: instagram.com/sarkanai

Айтыскер Сара Тоқтамысова өмірге үшінші перзентін әкелді. Қызды болған ақын қуанышын Instagram желісінде бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Айналама жап-жарық нұр берген, менің де бақшама гүл берген Аллаға ұлық. Ақ тілеулі асылдарым, жіберіп жатқан әр тілектеріңізге Алла разы болсын", - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Желі қолданушылары айтыскердің бұл қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Қуанышың құтты болсын", "Гүліңіз құтты болсын", "Жер бетіндегі ең бақытты қыз болсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Сара Тоқтамысова отандық танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова соңғы кезде қоғамда белең алған "гендер-пати" ұйымдастыратындарға қатысты өз ойын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004780-aitysker-sara-toqtamysova-ana-atandy-foto/