Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа босанған Сара Тоқтамысова сәбиіне ерекше есім қойды

Опубликовано:

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Фото: instagram.com/sarkanai

Үшінші сәбиін өмірге әкелген айтыскер Сара Тоқтамысова перзентханадан шықты. Ақын нәрестеге қандай есім қойғанын Instagram парақшасында көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Есілқызы Сүйкімді үйіне келе жатыр. "Сөзі сүйкімді болсын, ісі сүйкімді болсын" деп ырымдап қойдық. Алла өміріңді сүйкімді қылсын. Ғұмырлы бол, құлыным", - деп жазды айтыскер.

Ал желі қолданушылары мұндай есімді бұрын-соңды естімегенін айтып, желіде пікір қалдырды.

"Бауы берік болсын, есімі қызық естіледі екен", "Ерекше есім екен", "Бұрынғылар да Ажар, Көркем деген есімді қойған ғой", "Ата-анасының, ағаларының көз қуанышына айналсын", "Қазақи есім екен. Нағыз қазақтың қызы болып өссін", "Аты Сүйкімді ме? Бірінші рет естіп тұрмын", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Сара Тоқтамысова екі ұлдан кейін қызды болғанын айтып, көпшілікпен қуанышын бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004875-zana-bosangan-sara-toqtamysova-sabiine-erekse-esim-qoidy/

pixel