Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халық ақша жинап, зағип жігіт Кенжебек Нұрдолдайға Алматыдан 2 бөлмелі пәтер алып берді (видео)

Опубликовано:

Кенжебек
Кенжебек. Фото: Тикток

Әлеуметтік желі арқылы әндерімен көпшілікке танылған қарағандылық жігіт Кенжебек Нұрдолдай екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Туғаннан көзі көрмейтін жігітке Алматыдан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған сәт әлеуметтік желіге тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты сәттің видеосын Tiktok желісіне Құндызай Айтжанова, Айым есімді қолданушылар жариялады.

"Халықтың қолдауымен Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтерді Кенжебек Нұрдолдайға сыйға тартамыз. Шын жүректен құттықтаймыз", - деді сыйлықты ұсынғандар.

Осыдан кейін сахнаға Кенжебектің анасы шақыртылды. Ал жас әншінің анасы сахнада көз жасына ерік берген.

"Осы кісі - менің барым. Осы кісі - менің анашым. Мен жеткен жетістіктердің бәрі осы кісінің арқасында", - деді Кенжебек Нұрдолдай.

Айта кетейік, Кенжебек Нұрдолдайдың туғаннан бастап көз жанары көрмейді. Ол 6 жасында әкесінен айырылып, анасымен қалған. Жас әнші ресейлік танымал шоу бағдарламада өзінің отбасы мен тұратын ауылын, үйін көрсеткен. Кенжебектің үйін көрген көпшілік осыдан кейін оған пәтер алуға ақша жинай бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004901-xalyqtyn-qoldauymen-zagip-zigit-kenzebek-nurdoldaiga-almatydan-2-bolmeli-pater-syilandy-video/

pixel