jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Құдайдың берген бағы": Кенжебек Жанәбілов "Музарт" тобына қалай келгенін айтты (видео)

    Кенжебек Жанәбілов
    Кенжебек Жанәбілов. Фото: Instagram/kenzhebekmuzart

    Кенжебек Жанәбілов "Музарт" тобына қалай қабылданғанын айтты. Әнші топтың бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаев батасын алыпты. Бұл туралы ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Біреудің орнын біреу басу оңай емес. "Мақсат өзінің атын көтеріп алып, өзіне ұқсайтын жігітті орнына алып келіпті", "Сәкеннің жиені екен", "Сәкеннің жерлесі екен" деген әңгіме де өрбіді. "Жақсы адамдарға теңесе, біз де жақсы болып тұрғанымыз ғой" деген ой келді.

    Мен осындай дүркіреп тұрған топта ән айтатынымды ойламадым. Құдайдың маған берген бағы шығар. Сондықтан бұл кісінің орнын басу маған да оңай болмады. Өйткені, Мақсат ағамыз арқамнан қағып, "Кенжетай, мен енді кетіп бара жатырмын. Сені енді білемін ғой" деді.

    Музартқа келмей тұрып та араласып жүрдік. Мені ауылдан алып келген Бақтыбай деген туған ағам бар. Сол кісімен Мақсат ағамыз жақсы араласады. Менің "Музарт" тобына қабылданғанымды естіп, Мақсат аға қолымды алып, батасын берген", - деді Кенжебек Жанәбілов.

    "Құдайдың берген бағы": Кенжебек Жанәбілов "Музарт" тобына қалай келгенін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.