Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызық премия": Қызық Live-тың жаңажылдық бағдарламасының толық нұсқасы шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек
Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек. Фото: "Қызық премия" бағдарламасы

Жаңа жыл қарсаңында өнер саласы мен желідегі жұлдыздарды марапаттауға арналған "Қызық премия" кеші өтті. "Қызық Live" бағдарламасының негізінде жарыққа шыққан жобада қазақ эстрадасының хиттері, танымал спортшылар мен желі жұлдыздары төбе көрсетті. Табысталатын номинация атауларымен ерекшеленетін шоудың жеңімпаздар есімін KAZ.NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Жоба авторы әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жыл бойы оқиғалар ортасында жүрген және жақсы көңіл-күйге себепші болған танымал жұлдыздарды өздеріне тән ирониялық және қалжың формасында марапаттайды.

Жылдың ең көп талқыға түскен адамдары, эстрада жұлдыздары, танымал саясаткерлер, сондай-ақ әлеуметтік желінің көмегімен аяқ астынан жұлдыз атанғандар жоба қатысушысы болады.

Марат Оралғазин, Ганвест
Марат Оралғазин, Ганвест. Фото: Қызық премия

"Жыл комментаторы" номинациясы

"Жыл комментаторы" номинациясында футболдан әлем чемпионаты мен барлық спорттық іс шараларда камера сыртында, кадрдан тыс жүрген қахармандар марапатталды.

Комментатор Әлімжан Асқар және Ермұхамед Мәулен өздерінің желіде хит болған фразаларымен танылып, көрермен көзайымына айналып "Жыл комментаторы" атағына ие болды.

Плагиат-2022

Биылғы жылы "Плагиат-2022" номинациясына Ұланғасыр Қами "Табамын", Жандос Қаржаубай "Көзмоншағым", Данияр Кәрім "Кім білер", Қайрат Нұртас пен Очоу "Там тау адам" әнімен және Маченский "Тау адам" әнімен таласқа түсті.

Бағдарлама барысында Маченскийдің "Тау адам" әні жеңіске жетті.

Жыл сүйісуі

"Жыл сүйісуі" жаңа номинациясында "Күшік құда" фильміндегі Қуандық Шәкіржанов пен Баян Алагөзованың романтикалық сахнасы жүлдеге ие болды.

Жыл сериалы

"Үздік сериал-2022" атағына "Бажа", "Әппақ келін", "Сәке", "Жездуха", "Байгайз", "Келінжан" "Пацанские истории" телехикаяларының актерлері мен "Джохан" фильмі таласты.

Жыл блогері

Жылдың үздік блогері атағына - Нұрлан имам ие болды. Ол бағдарлама барысында әлеуметтік желіге не үшін келгенін түсіндірді.

Жыл жаңалығы

"Жыл жаңалығы" атағы "Қураған гүл" әнінің орындаушысы Қаракесекке бұйырды.

"Аңыз Адамдар" номинациясы

Бұл номинациямен 22 жылдық тарихы бар "Орда" тобы марапатталды.

"Қызық Live" бағдарламасына қатысушылар
"Қызық Live" бағдарламасына қатысушылар. Фото: Қызық премия

"Жасың нешеде" номинациясы

Бұл атаққа NNN, Әлішер Қонысбаев және Садраддин таласты. Нәтижесінде көпшілікке жарияламайтын блогерлер арасында Садраддин жеңіске жетті.

"Дым істемегендер" номинациясы

Аталмыш номинацияның жеңімпазы ретінде Ерке Есмахан таңдалды.

"Жыл адамы" номинациясы

"Жыл адамы" номинациясы атағын әлеуметтік желіде балаларын мектепке велосипедпен тасыған ана мен балаларын сабаққа велосипедпен алып баратын қызылордалық әке жеңіп алды.

Тараздық Эльмираға бағдарлама демеушілерінің бірі қаржылай сыйлық сыйлады.

Қызылордалық Қанат есімді азаматқа жерлестері қаржылай ақша жинап, жеңіл көлік алып берді.

"Жыл қаһарманы" номинациясы

Бағдарлама жүргізушілерінің айтуынша, аталмыш номинацияға биылғы жылы үміткерлер көп болған.

Алайда ең үздік "Жыл қаһарманы" номинациясына бүкіл төтенше жағдайлар қызметкерлері таңдалып алынды.

"Жылдың үздік" хиті

"Жылдың үздік" хиті атағын Еркеш Хасен "Көзің әдемі" әні мен Калифарнияның "Қар" әні, Қанай мен Әлидің Lolli-і, Ұланғасыр Қамидің "Қызыл раушан" әні, Дана Кентайдың "Махаббат магнит" туындысы, Раимның "Дем" әні, Ганвесттің "На рахате" әні, Әділет Жауғашар "Ностальгия" әні, Қазыбек Құрайыш "Таптым-ау сені" әні жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005021-qyzyq-premiya-qyzyq-live-tyn-zanazyldyq-bagdarlamasynyn-tolyq-nusqasy-syqty-foto-video/

pixel