Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова мемлекеттік қызметі жайлы: Өзімді төрт қабырғаға қамалып қалғандай сезіндім

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Әнші Ақбота Керімбекова 2021 жылы Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Алайда әнші көп ұзамай бұл қызметінен бас тартқан. Әнші мемлекеттік қызметтен бас тарту себебін айтып берді деп жазады NEGE.KZ.

"Өз басым мемлекеттік мекемеде істей алмағандықтан кеткен жоқпын. Мақсатым – лауазымға қол жеткізу емес, өнерге қызмет ету болды. Негізі ол жерде келісімшарт бойынша жұмыс істедім. Ал заңды тұрғыда кадр құрамына ену үшін мемлекеттік тест тапсыру қажет. Мен ол сынақтан да ойдағыдай өттім. Бірақ, соңында "әнімді айтып жүре берейінші" деген шешімге келдім.

Түсінгенім, өнер адамының мемлекеттік қызметте жұмыс істемегені жөн екен. Себебі, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бір жағынан таң атқаннан кеш батқанға дейін кабиненттен шықпай, қағазбасты болып отыру менің табиғатыма сай келмейтін болып шықты.

Осы жасқа дейін еркін жүріп үйреніп қалғандықтан ба, өзімді төрт қабырғаға қамалып қалғандай сезіндім. Дегенмен, мемлекеттік қызметте жүрген санаулы айлар ішінде көп нәрсені түсініп, ұғындым", - деді Ақбота Керімбекова.

Сонымен қатар әнші еліміздегі маңызды жаңалықтарды қалт жібермей бақылап отыратынын айтты.

"Жаңалықтарды қалт жібермей оқып отырамын. Бірақ, мемлекеттік қызметте жүріп, көп нәрсенің қыр-сырына қанық болғаннан кейін басым бөлігіне аса сеніңкірей бермеймін. Бізде істен гөрі, сөз басым", - деді Ақбота Керімбекова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005239-aqbota-kerimbekova-memlekettik-qyzmeti-zaily-ozimdi-tort-qabyrgaga-qamalyp-qalgandai-sezindim/

pixel