jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Қызды төрт рет ажырасқандар шығарып салады": Айжан Нұрмағамбетова тойға шығатын әншілерді сынады

    Айжан Нұрмағамбетова сахнада
    Айжан Нұрмағамбетова. Фото: instagram/aizhan_nurmagambetova_official

    Аға буынға танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова Nege.kz сайтына сұхбат беріп, өзінің тойға жиі шықпауының себебін айтты. Әншінің мәліметінше, оны той мен концерттерге көп шақыра бермейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менің репертуарымда тойға арналған әндер жоқ. Көпшілігі "неге жазбайсың?" деп сұрап жатады. Шынтуайтында, ұзатылған қызды төрт рет ажырасқан келіншектер емес, мен секілді көрген-білгені бар жеңгелер шығарып салу керек қой.

    Дегенмен, қуанышына шақырған той иелеріне барып, сұраған әндерін салып беріп тұрамын", - деді әнші.

    Сондай-ақ Айжан Нұрмағамбетова концерттерге де жиі шақырту алмайтынын айтты.

    "Шыны керек, түрлі түсірілімдер мен жобаларға бізді шақыра бермейді. Ретро фестиваль атаулы да біздің осыдан 20-25 бес жыл бұрын салған әндерімізді жастарға шырқатып қояды.

    "Сағындырған әндер-ай", "Ән мен әнші" деген жобалар үздіксіз ұйымдастырылады. Тәттіге телмірген баладай "шақырар" деп елеңдеп қоямыз, бірақ, өкінішке қарай, қалыс қаламыз.

    Жалпы, жастарға жол ашылғаны дұрыс қой, бірақ еңбегі сіңген әртістерге де құрмет көрсете білген дұрыс", - деді Нұрмағамбетова.

    "Қызды төрт рет ажырасқандар шығарып салады": Айжан Нұрмағамбетова тойға шығатын әншілерді сынады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.