Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер" тобының әншісі: "Бағланмен араласпа, енді адам болмайды" деп еді

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: Instagram/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов кезінде құмар ойындарының құрбаны болғанын жасырмай айтып берген болатын. Кезінде казинода ұтылып, шамамен 200 мың доллар қарызға кіріп кеткен әнші бүгінгі таңда құмар ойын жайлы кітап жазып, фильм түсірді. Өнер иесі өзін кезінде талай рет "адам болмайды" деген адамдардың болғанын жасырмай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші жан сырын Instagram парақшасында жариялады.

"Бағланмен енді араласпа. Ол өшті, енді адам болмайды" деп еді. Мен "адам болмайды" дегенді жиі естігенмін. Еш көңілім түскен емес. Әйтеуір жақсылық болатынын сезетінмін, сенетінмін. Иә, талай жігіт сынып кетті. Талай жігіт өшіп қалды, талай жігіт өліп кетті. Егер дер кезінде мойындамағанымда, мен де солардың бірі болар едім. "Ауруын жасырған өледі" деуші еді, жасырмадым. Сол ниетіме Жаратқан тура жолды көрсетсе керек.

Кітабым жазылды. Міне, фильмі жарыққа шыққалы тұр. Ешкімге ештеңе дәлелдегім келмеді. Жәй, өз мүмкіндігімді көргім келді. Адамның жасағанын адам жасайды екен. "Амалдан ниет жоғары" деген осы шығар. 60 мың теңгемен басталған бизнесім осы еді.

Құмар ойыннан қалған қарызым бар, киноға алған қарызым бар - бәрінен құтылсам деген ниет бар. Шынымды айтсам, қарыздан құтылып, ең бай адам болу - арманым. Артылып жатса, "қаладан үй алсам, әкеме жаңа көлік аперсем, өзіме көкпарға ат алсам. Жылы жаққа бала - шағамды алып, демалысқа кетсем" деген ниет бар. Сырымды айтамын деп, шынымды айтып қойдым ғой", - деді Бағлан Әбдірайымов.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Бағлан Әбдірайымов азарт ойынның соңында жүріп, 200 мың доллар қарызға кіріп кеткенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005440-zigitter-tobynyn-ansisi-baglanmen-aralaspa-endi-adam-bolmaidy-dep-edi/

pixel