Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірқұл Айниязов: 21 жыл күткен қызым дүниеге келгенде әке бақытын сезіндім

Жарияланған күні:

Өмірқұл Айниязов
Өмірқұл Айниязов. Фото: "Әке бақыты" бағдарламасы

Отандық әнші Өмірқұл Айниязов өмірге қызы келгеннен кейін әке бақытын сезінгенін айтты. "Әке бақыты" бағдарламасында әнші тұңғышынан кейін екінші сәбиді 21 жыл күткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"21 жаста үйлендім. Ұлың болсын, қызың болсын ол жаста қуана білуге, бағалай білуге жастау болған сияқтымыз. Өзім бала болып жүргенде, балалы болған сияқтымын. Есімде, үшінші курсқа өткен уақыт еді. Тойлап, сабаққа біраз уақыт бармай, апайлардан сөз естіген кезім болған.

Біз Нұртуғаннан (ұлы - ред) кейін 21 жыл балалы бола алмай, көп күттік. Жас кезімде ұлды болдым, қатты сезім болмады деп ойлаймын. Ал Айсезім өмірге келген кезде мүлде басқа сезімде болдық. Қазірдің өзінде Айсезіммен барлық уақытымды өткізуге тырысамын. Сонымен бақыттымын. Сондықтан мұның бәрі әке бақытымен байланысты.

Ұлды болғаннан кейін 21 жыл екінші баланы күту, мен үшін және менің отбасым үшін қиын уақыттар болды. Қазір мен ерекше әке бақытын сезініп жүрген сияқтымын. Қызымды қалай жақсы көрсем де, ұлым түсінеді деп ойлаймын. Біздің өмірімізге Айсезімнің келуі - ерекше бақыт болды", - деді Өмірқұл Айниязов.

Сонымен қатар Өмірқұл Айниязов қызының болашағына қатысты армандары барын да жасырмай айтып берді.

"Арманым - қызым қазақша сөйлеп, ойлай алатын, тілі мен дінін жақсы білетін, инабатты, ибалы қыз болса деймін.

Айсезім қазір кішкентай болғанымен, өнер адамы болатын шығар деп ойлап қоямыз. Болашақта өнер адамы болса, менің еш қарсылығым болмайды деп ойлаймын. Қызым 20 жасқа келгенде, мен 60 жасқа келіп, ел ағасы боламын. Сахнаны сол балаларға беріп, жанында продюсер болып жүреміз деген ойдамын. Алла сол күнге жеткізсін", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005640-omirqul-ainiyazov-21-zyl-kutken-qyzym-duniege-kelgende-ake-baqytyn-sezindim/