Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын басын төрге шығарамын": Ерке Есмахан Раимға деген сезімін жеткізді

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Белгілі әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде өнердегі әріптесі, әнші Раимға деген сезімін білдіріп, жазба қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақ ер азаматтың басын алтынға теңеп, ерекше құрметтейді. Әр қазақ отбасындағы тәрбие сондай. Үлкен болсын, кіші болсын ер адамды сыйлайды. Менде дәл бүгін жүрегімнің иесіне ризашылығымды білдіргім келіп тұр.

Мен үшін, біз үшін, біздің махаббатымыз, болашағымыз үшін әлемге қарсы тұрып, өз қазағымыздан мені қорғап, "өсек, хайп" атты майданда жүр Райымбек батыр...

Батыр атына лайық жігітім иманымен, ержүрек шыншылдығымен, қарапайымдылығымен, риясыз мені сүйе алатын ақынжанды болмысымен ерекше. Тым тұйық болса да, мен жан сырын өте жақсы түсінем. Жанымыз егіз.

Менің арқасүйерім тек қошеметке, құрметке лайық, мақтауға тұрарлық адам! Ал мен қасындамын, алтын басын төрге шығарам.

Тыңдарман, оқырман! Артық сөздің бәрі қажет емес. Махаббат ұлы күш! Әлемді құтқарады! Әр қазақ қызына Райымбектей нағыз жігіт бұйырсын. Жалғыздық бір Аллаға жарасады. Баршаңызға тек жақысылық тіледім", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ерке Есмаханның Instagram Stories-дегі жазбасы
Ерке Есмаханның Instagram Stories-дегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Раим өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ерке Есмаханмен бірге түскен суретін салып, көпшілікті қызықтырып қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005719-altyn-basyndy-torge-sygaramyn-erke-esmaxan-raimga-degen-sezimin-zetkizdi/

pixel