Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Дулыға Ақмолда: Гол­ливуд өзі іздеп келмесе, ол жаққа қарай өз бе­тіммен ұмтылу ойымда жоқ

Опубликовано:

Дулыға Ақмолда
Дулыға Ақмолда. Фото: instagram.com/duliga_akmolda

Қазақстандық танымал актер Дулыға Ақмолданы әріптесі Нұржұман Ықтымбаев "Голливудты бағындыруға лайық" деп бағалаған болатын. Алайда өнер иесінің өзі шетелді бағындыруға ниетті еместігін "Айқын" басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дулыға Ақмолданың айтуынша, актердің Голливудқа баруына кедергі көп.

"Көп актерге Голливуд­қа жету, әлемдік рөл ойнау арман шығар. Бірақ "актерлігіңді дәлелдеу үшін немесе жетістікке жету үшін Голливудқа бару қаншалықты қажет" деп ойлаймын. Гол­ливуд өзі іздеп келмесе, олардың тарапынан сұраныс болмаса, ол жаққа қарай өз бе­тіммен ұмтылу менің ойымда жоқ.

Өйткені кедергі көп. Ол үшін ағылшын тілін жақсы меңгеру керек. Сол үшін Голливудқа қатты құлшынысым жоқ. Отандық кинода жүріп те, көрермен жадында сақталатын жақсы рөлдер сомдауға болады", - деді актер.

Сонымен қатар Дулыға Ақмолда "ң" мен "с" әріптеріне тілі келмейтін актерлер жайлы айтты.

"Ң мен с-ға" тілі келмейтіндер жетіп артылады. Егер актер шынымен талантты болса, бұл кемшіліктері білінбей кетеді. Өкінішке қарай, қазір телесериалдардағы, кинолардағы актерлерден осындай олқы­лық байқалады. Көбіне мұндай кемшілік кәсібилігі жоқ, көшеден келген актерлерде кездеседі. Түрі, болмысы мен типажы әдемі. Бірақ тілінің мүкістігі бірден білінеді.

Екінші, өзінің айтып тұрған сөздерін түсінбейді. Жаттандылық көп. Жаттап алған сөзін судыратып айтып беретіндер де бар. Оларды мен актер деп есептемеймін. Ал кәсіби актерлер айтқан әр сөзіне көңіл бөледі. Әсіресе, театрда істейтін актерлерде ондай дефект жоқ. Олар өзінің айтып тұрған әрбір сөзіне жауап бере алады. Нағыз актер өз саласының кәсіби маманы болуы керек. Нағыз актер шыңдалуы керек, театрда да, кинода да қамшы салдырмауы қажет", - деді Дулыға Ақмолда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актердің шәкірттері ұстазына пранк жасағанын айтқан болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005773-aqyn-dulyga-aqmolda-gollivud-ozi-izdep-kelmese-ol-zaqqa-qarai-oz-betimmen-umtylu-oiymda-zoq/

pixel