Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Асқар дүниеден өткен ұлына ән арнады (видео)

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

Былтырғы жылдың қазанында актриса Әсел Асқардың кенже ұлы жансақтау бөлімінде шетінеді. Өнер иесі өмірден өткен ұлына ән арнап, еске алу кешін өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса ұлына арналған әннің тұсаукесеріне танымал жұлдыздар мен блогерлерді шақырған.

Еске алу кешінде актриса ұлы Айбарыстың суреттерінен көрме дайындаған.

Сонымен қатар билбордқа "Айбарысты еске алу көкке ұшқан басқа да періштелерге арналады. Періштем", - деп жазылды.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Асқардың кіші ұлы ауыр дертке шалдығып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Арада бірнеше күн өткенде өнер иесі кішкентайының бақилық болғанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2005919-asel-asqar-dunieden-otken-ulyna-an-arnady-video/

pixel